ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Геология
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу.
Функционалды міндеттер
Талдау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға бағытталған жұмыс топтарын ұйымдастыру, Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласында стратегиялық жоспарлауды дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл, басқару мәселелері жөнінде жұмыс топтарына қатысу, басқарма құзыреті шеңберінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу; Министрліктің мүдделерін білдіру және құжаттарды дайындау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге қатысу; тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізу, басқарма құзыреті шеңберінде Департамент және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау. Жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мақсатында іс-шараларды іске асыру кезінде бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру: салада бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру (дайындау, сүйемелдеу, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау), бюджет қаражатын игеру кезінде қаржылық рәсімдерге бақылауды жүзеге асыру, Министрліктің кадр мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64