ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Көп жақты ынтымақтастық және халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының шет мемлекеттер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларын және Министрліктің бақылауындағы басқа да тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау. Министрлік басшылығына келесі кездесулерге материалдар дайындау: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің комиссиясы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі. Министрліктің секторларындағы шетелдік қатысатын инвестициялық жобаларды үйлестіру, бақылау және талдау (2020-2024 жылдарға арналған инвестицияларды тартудың ұлттық жоспарының мәселелерін, 2025 жылға дейінгі ИИДМБ-ны үйлестіру және т.б.). Халықаралық ынтымақтастықта келісімдерді, шарттарды, іс-қимыл жоспарларын, жол карталарын әзірлеу бойынша консультациялар және сүйемелдеу. Министрліктің халықаралық-құқықтық базасын мониторингілеу, дайындау, талдау және есептеу.

Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту қызметіне мониторинг жүргізу. Министрлік бойынша 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламаларын үйлестіру және қалыптастыру. Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға кәдесый өнімдерін бақылау және сатып алу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.05.2023 – 25.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64