ҚР ИИДМ Заң департаментінің Заңнамалық актілер, құқықтық мониторинг және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету және үйлестіру. Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында заң жобалары мен олардың реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, халықаралық шарттар жобаларын құрылымдық бөлімшелермен әзірлеу, сараптау және ресми құықтық қорытынды беру, ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу.
Құрылымдық бөлімшелердің нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингісі бойынша қызметтерін үйлестіру, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты даярлау, құқықтық мониторинг мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылау. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64