ҚР ИИДМ Корпоративтік басқару департаменті Ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және корпоративтік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Басқаруды жалпы басқару. Басқармаға келіп түсетін Департамент басшылығының құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы және жедел қарауды, сондай-ақ басқарма құжаттарын жүйелеу мен сақтауды қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын қарауды қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесінің материалдарын қарау. Директорлар кеңесінің материалдарын қарау кезінде басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелермен жұмысын үйлестіру. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің бұйрықтарын әзірлеуді қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының таза табыс пен дивидендтердің бір бөлігін республикалық бюджетке уақтылы аудару мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету. Департамент құзыреті шегінде корпоративтік басқару мәселелері бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.05.2023 – 25.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64