ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Мүмкіндігінше шет тіл білуі, Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен таныстырулар  өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша стратегиялық, бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыруға қатысу; индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; индустриялық-инновациялық даму мониторингін қамтамасыз ету; Даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, оларды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуге қатысу; тау-кен, металлургия, химия, машина жасау, фармацевтика, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінде және құрылыс материалдары өндірісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру; салалық Ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу; өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық саясатты қалыптастыруға қатысу; халықаралық шарттарды әзірлеуге, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу, жетекшілік ететін салалар шеңберінде конгрестерге, форумдарға және өзге де іс-шараларға қатысу және т. б. жетекшілік ететін басқармалардың қызметін үйлестіру және бақылау; жетекшілік ететін басқармалар қызметінің дамуын және тиімді жұмыс істеуін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жетекшілік ететін басқармалар қызметкерлерінің құжаттарды орындау сапасын қамтамасыз ету және еңбек; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу және қарау; Министрлік басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін басқармалар арасында нұсқаулар мен тапсырмаларды бөлу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Үкімет отырыстарына, Департамент құзыреті шеңберінде селекторлық және басқа да кеңестерге материалдар дайындау және т. б.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.05.2023 – 25.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64