ҚР ИИДМ Кадр қызметі департаменті Талдау және персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

 

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, еңбек заңнамасын білу.

Функционалды міндеттер

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізуді ұйымдастыру, семинарлар дайындау. Тұрғын үй комиссиясының жұмысы бойынша материалдарды дайындау және ұйымдастыру. Қызметкерлерді оқыту бойынша ай сайынғы есептерді ұсыну. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша, сондай-ақ шетелдік оқыту бойынша кадрлар даярлау жөніндегі мәселелерді үйлестіру. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қызметкерлерді оқуға жіберу бойынша материалдар мен құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Министрлік қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; «А» және «Б» корпусы қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі материалдарды дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесінде кадрлық іс жүргізуді жүргізу; Министрлік қызметкерлерінің Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығында тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін және Лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту; мұрағатқа құжаттарды ресімдеу; гендерлік саясат жұмысын ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.05.2023 – 18.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64