ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Келісімшарттар басқармасының басшысы, С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу, инвесторлармен жұмыс істеу.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіру; құзыретті органның жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын талқылау бойынша келіссөздерді дайындауға және жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау; жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, тексеру, сараптама жүргізуді ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына және оларға толықтыруларға қол қоюға дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияларға қатысу, Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер бойынша жұмысты ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау жөніндегі сараптамалық комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу; басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу, бюджеттік жоспарлау шеңберінде іс-шаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, басқарманың құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау, Министрлік басшылығының жедел сұраулары бойынша ақпарат пен есептерді дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша комиссиялар мен арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бөлігіндегі ұсыныстарды пысықтауды жүзеге асыру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақтылы бақылауды жүргізу; Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу; Департамент құзыреті шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласында заңнамалық нормаларды түсіндіруге қатысу; Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған, жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілер және (немесе) (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқығына ауысуға арналған рұқсатты беру туралы ұсыныстарды пысықтау үшін қажетті, жер қойнауын пайдалану мәселелер бойынша материалдар бойынша сараптама комиссиясына қарауға енгізу; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензия, ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуды қарау үшін ұлттық қауіпсіздік органына материалдарды жіберу; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензия, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған, жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілер және (немесе) (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқығына ауысуға арналған рұқсатты беру немесе бас тарту туралы шешімді жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сараптама комиссия ұсыныстары негізінде қабылдауды қамтамасыз ету; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқық кепілін тіркеу; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын, тұлғаның және ұйымдардың құрамы туралы жер қойнауын пайдаланушымен ұсынылатын есептерді талдау арқылы мониторингілеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64