ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01.08.2024 ж. дейін), С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Геодезия және картография
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіру оның ішінде; жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарт талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және талдау жүргізу, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар/лицензияларды орындау және бұзу мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Министрлік басшылығының жедел сұраулары бойынша ақпарат пен есептерді дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша комиссиялар мен арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу, бюджеттік жоспарлау шеңберіндегі іс-шаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру; басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2023 – 02.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64