ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Геодезия және картография
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіру,

уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны беру\ бас тарту туралы өтініштерді қарауды ұйымдастыру және ұсыныстарды дайындау; қайта рәсімдеу бойынша ұсыныстарды пысықтау немесе уранды өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны қайта рәсімдеуден бас тарту; ерекше құқық бойынша лицензияны беру\ бас тарту туралы өтініштерді қарау және ұсыныстарды дайындау; бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізуді дайындау және ұйымдастыруды жүзеге асыру; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізуді дайындау және ұйымдастыруды жүзеге асыру; жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге ауысу бойынша комиссия жұмыстарын ұйымдастырады; ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыс бағдарламаларын келісу; берілген лицензиялар тізілімін енгізу және оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету; ҚПҚ  өндіруге арналған лицензияны беру мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік сараптаманы жүргізу немесе жобалау құжаттарды келісу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу; жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; тау-кен жұмыс жоспарын келісу, жою жоспарына сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу және оны құзыретті органның интернет ресурсында орналастыру; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 24-тармағына сәйкес техногендік минералдық түзілімдер объектілері бойынша өтініштерді қарау және ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді бақылау; Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензиялар бойынша жер қойнауы учаскелерін қайта құру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алу немесе барлау учаскесінде топырақты ауыстыруға рұқсат беру; жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамада көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру туралы өтінішті лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуы тұрғысынан қарау; бюджеттік жоспарлау шеңберінде іс-шаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық шарттарды сақтауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және талдау жүргізу, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған мониторингті орындау және лицензияларды бұзу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Министрлік басшылығының жедел сұраулары бойынша ақпарат пен есептерді дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша комиссиялар мен арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия алуға өтініштер шеңберінде сұрау салынған аумақтарды тексеру бойынша жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі объектілерді айқындау бөлігінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі қызметке жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2023 – 02.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64