ҚР ИИДМ Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті Инфрақұрылымдық даму саласындағы бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, бюджеттік қатынастар саласындағы бюджеттік жоспарлау, қаржылық саясат бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық жасау. Орындаушылық тәртіпке бақылау жүргізу, Басқарма қызметкерлерінің құзыреттілігі мен міндетін анықтау. Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру және бюджеттік бағдарламаларын бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес және бағдарламаларын бекіту бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді қалыптастыруға бақылауды қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Министрліктің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджетін нақтылау  және түзету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерінің бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік заңнаманың және оларды  жасау мен ұсыну Қағидаларының талаптарына сәйкес келуіне бақылау жүргізу. ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген кезде құрылымдық бөлімшелердің толық құжаттар ұсынуына бақылау жасау. Министрліктің құзыретіне кіретін  және бюджеттік қаражатқа қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу.  Департамент басшылығын тиісті ақпараттар мен анықтамалармен қамтамасыз ету. Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмаларын Басқарманың  тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Департамент басшылығымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2023 – 02.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64