ҚР ИИДМ Заң департаменті директорының орынбасары, C-2 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

504 960

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

 

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.

Функционалды міндеттер

Департамент басқармаларының жұмыстарын жалпы басшылық ету және үйлестіру. Заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді әзірлеуге, басшылыққа қол қоюға ұсынылатын Министрліктің нормативтік құқықтық актілер жобаларының, бұйрықтарының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру, Министрліктің тапсырыстары мен келісімшарттарының жобаларына қорытындылар дайындау, талап-арыз шағымдарды дайындау және беру, аппеляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарына жауап дайындау, Министрліктің талап-арыз жұмысының талдамасын жүргізу, Министрліктің басшылығына кемшіліктерді, хаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды жоюға ұсыныстар енгізу, Департаменттің ұйымдастырушылық әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу.

Департамент бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға, атқарушылық және еңбек тәртібін Департамент қызметкерлерінің сақтауына бақылауды жүзеге асыру. Министрлік және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық мәселелер бойынша құрған жұмыс топтарына қатысу. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2023 – 02.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64