ҚР ИИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат және ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
-
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Экология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Машина жасау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
Қосымша талаптар
Құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде, рұқсат етілген файлдың ең үлкен мөлшері 10мб.
Әңгімелесу видеоконференцбайланыс форматында жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Министрліктің жұмыс жоспарын, Жер қойнауын пайдалану департаменті, Басқарманың жұмыс жоспарларын орындауды жүзеге асырады; құжаттарды мұрағатқа тапсырғанға дейін тіркеуді, есепке алуды және сақтауды орындайды;Азия елдерімен, Таяу Шығыс елдерімен, Кедендік одақ елдерімен минералдық шикізат ресурстары нарығын дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты өзара тиімді ұйымдастыруға қатысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасауға арналған өтініштерді қараумен айналысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасау бойынша жұмыс топтың отырысын ұйымдастырады және жүргізеді; пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы құқықтық және экономикалық сараптамалардың келісім жобасын жүргізуді ұйымдастырумен айналысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімдердің жобалары бойынша ҚР Үкіметінің шешімдері жобаларын дайындайды;пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді Қазақстан Республикасы атынан қорытындыны ұйымдастыруды жүргізеді;комиссиялардың, оның ішінде Үкіметаралық комиссияның және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмыстарына қатысады; өз құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын, халықаралық келісімдер, өзара түсіністік туралы меморандумдар, салаларда реттейтін ынтымақтастық туралы хаттамаларды әзірлеу және келісу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін автоматтау және оңтайландыру бөлігіндегі ұсыныстарды пысықтауды жүзеге асырады; саланы дамыту үшін имидждік саясатқа жұмыстарды ұйымдастырады; Басқарма құзіреттілігіне кіретін хаттармен, азаматтардың өтініштерін, ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады; Департамент құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен және келісумен айналысады; құзіреттілігі шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласында заңнамалық нормаларды түсіндіруге қатысады; Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады,Министрліктің басшылығы мен Жауапты хатшының, департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-61