ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Лицензиялық-келісімшарттар талаптарды орындау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 31.07.2023 ж. дейін), С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Геология
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын,  геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін білу.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарын орындауын мониторингілеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзуды жүзеге асыру,

берілген лицензияларды қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдау (жер қойнауын пайдаланушыға лицензияларды қайтарып алу туралы хабарламалар жіберу), жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарын орындауын талдауды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша келісімшарттардың іс-қимылдарын бұзу және қайта бастау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, лицензиялық-келісімшарттық талаптарын орындау талаптары бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен хат алмасуды жүзеге асыру, сот талқылауларына материалдар дайындау, жинау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Министрліктің мүдделерін білдіру, басқарма құзыреттілігі шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмалары, құзыреттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысады,  Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.03.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2023 – 17.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64