ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты және көпжақты ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу. Халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша сыртқы саясат бөлімімен және Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.  Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпараттың сапасы мен уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне үкіметаралық комиссиялардың хаттамалары бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау және қалыптастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.03.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.03.2023 – 13.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64