ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, C-2 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
611 721
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу, инвесторлармен жұмыс істеу.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Департаменттің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге қатысу; инвестицияларды тарту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықтың бағыттарын айқындау; инвестициялық ахуалды жақсарту үшін басым бағыттарды айқындау; саланы дамыту үшін имидждік саясатпен жұмысты ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық саясатты стратегиялық жоспарлау; бюджеттік жоспарлауды қамтамасыз ету және уақтылы орындалуын бақылау; құжат айналымын бақылау; жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, жер қойнауын пайдалану құқығын беруді ұйымдастыруды бақылау, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды өзгерту және толықтыру жөніндегі өтініштерін қарау; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және оларға қосымша келісімдер жасасу жөніндегі қызметті үйлестіру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы лицензиялар беру және келісімдер жасасу жөніндегі қызметті үйлестіру; жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды орындауына мониторинг және талдау жүргізуін бақылау, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және қалыптастыру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау, Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығын бақылау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізуді бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64