ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік саясат департаменті Индустриялық дамуды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 20.05.2025 ж. дейін), С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Мүмкіндігінше шет тіл білуі, Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен таныстырулар  өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі және іске асыру бойынша есепті қалыптастыру; мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру, индустриялық-инновациялық даму шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдарының мониторингі, Басқарма құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру; индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу; өңірлерді индустриялық-инновациялық дамыту бойынша материалдар дайындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру бойынша жұмысқа қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу; Департамент пен Министрлік басшылығының бақылаудағы құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, Министрліктің басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.02.2023 – 07.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64