ҚР ИИДМ Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Цифрлық даму басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын, Кәсіпкерлік кодексін, Бюджет кодексін. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды және аталған лауазымдағы мамандыққа қатысы бар Қазақстан Республикасының т.б нормативтік құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу және Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы қабылданады: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен презентациялар өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында міндеттер Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету; басқарма қызметкерлеріне тәлімгерлік, дағдылар мен білім беру, басқарма жұмысын ұйымдастыру, жалпы басшылық ету және жоспарлау; Министрлік басшылығына ақпараттық жүйелер саласындағы атқарушылық, бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ұсыну; салаларды цифрландыру саласындағы басым проблемаларды шешуге бағытталған саясатты жүргізу; салаларды, оның ішінде Өңірлерді цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде іс-шараларды жүргізуді үйлестіру және мониторинглеу; негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Министрлік пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мониторингін ұйымдастыру; Департаменттің Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру; басқарма құзыретіне қатысты бағыттар тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар өткізу; қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, қызметкерлердің бұйрықтарды, өкімдерді, шешімдерді, басшылықтың тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды, кіріс хат-хабарларды және бақылаудағы құжаттарды уақтылы және сапалы орындауын бақылау; жұмыс топтарының және басқа да кеңес органдарының қызметіне, цифрландыру мәселелері бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; Министрлік басшылығына баяндамалар дайындау үшін қажетті анықтамалар мен басқа да талдамалық материалдарды жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2023 – 06.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64