ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, C-1 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
824 323
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу.
Функционалды міндеттер
Департаменттің жұмысына жалпы басшылық жасау және үйлестіру; жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге қатысу; жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметті үйлестіру, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды өзгерту және толықтыру жөніндегі өтініштерін қарау; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы лицензиялар беру және келісімдер жасасу жөніндегі қызметті үйлестіру; жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды орындауына мониторинг және талдау жүргізуді бақылау, инвестицияларды тарту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықтың бағыттарын айқындау; инвестициялық ахуалды жақсарту үшін басым бағыттарды айқындау; саланы дамыту үшін имидждік саясатпен жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру және бекіту жөніндегі қызметті үйлестіру, бюджеттік жоспарлау және бюджет қаражатын игеру жөніндегі қызметті үйлестіру, Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын және уақтылығын бақылау және қызметті үйлестіру, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру және ұсыныстар әзірлеуге қатысу, жою жоспарына кешенді сараптама жүргізуді бақылау және қызметті ұйымдастыру, құжат айналымын бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-62