ҚР ИИДМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236 338
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Жеке және заңды тұлғалардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түсетін өтініштерді, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы бейнеөтініштерді қабылдау және тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мониторингілеу және талдау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. «Ашық үкімет» порталында Министрдің блогын күнделікті жүргізу, министрдің блогына келіп түскен өтініштердің уақтылы қаралуын бақылау және оларға жауаптарды орналастыру. Министрлік басшылығының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесін жасау және интернет ресурстарда орналастыру. Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдауын, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы арқылы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастыру. Жеке қабылдау бойынша хаттамалардың орындалуын бақылау. Министрлікте азаматтарды қабылдау бойынша есепті дайындау және мемлекеттік органдардың интернет ресурстары мен Интранет порталында орналастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өтініштер бойынша Ф2ГО нысанды статистикалық есепті күн сайын ұсыну. Өтініштер, оның ішінде Президенттің Виртуалды қабылдау бөлмесінен келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тоқсан сайын ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. «Электрондық үкімет» порталында Министрдің блогын жүргізу. Уәкілетті органдар белгілеген есеп нысандарының барлық түрлерін дайындау және уақтылы енгізу. Басқарма қызметінің шегінде министрліктермен және ведомстволармен, жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Басқарма қызметінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар мен ескертулер жіберу. Департамент ережесінде және лауазымдық нұсқаулықтарда, сондай-ақ өтініштерді қарау, іс жүргізу, мұрағат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды, міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64