«Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

«Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін іске асыру мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 36-бабының 1-5-тармағына сәйкес әзірленді.
Құжатта көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелгендерге жатқызу өлшемшарттары мен тәртібін айқындайтын Қағидаларды бекіту көзделеді.
Бұл жер қойнауы учаскелерінің геологиялық зерртелу деңгейін және олардың көмірсутек шикізатына қатысты әлеуетін бағалаудың бірыңғай әрі ашық тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қағидаларда аумақтарды аз зерттелген деп тану үшін негіз болатын геологиялық зерттелуінің негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ уәкілетті органның тиісті шешім қабылдау тәртібі белгіленеді.
Бұйрықты іске асыру жеткілікті деңгейде зерттелмеген аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға, жер қойнауы учаскелерінің арттыруға және көмірсутектердің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге бағытталған.
Бұйрықты қабылдау жер қойнауын ұтымды және тиімді пайдалануға, сондай-ақ мұнай-газ саласының одан әрі дамуына ықпал ететін болады.
Қағидалар республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1007635?lang=kk