Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) бөлінісіндегі Басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған бұйрық бекітілді.

Бұйрық аталған Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығынан бөліп шығару және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеусіз дербес нормативтік құқықтық акт ретінде бекіту көзделеді.

Бұлай бөлу АЭА қызмет түрлерінің тізбесін әкімшілендіруді жеңілдетуге және оған қажетті өзгерістерді енгізу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, инвесторлардың қажеттіліктері мен экономикалық жағдайлардың өзгеруін жедел ескеруге, сондай-ақ АЭА аумақтарында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасауға жол ашады.

Тізбеге өзгерістер енгізу кезінде еңбек шығындарын азайту және ведомствоаралық келісу мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ қызмет түрлерін кеңейту кезінде кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді және күту уақытын азайту күтілуде.

Бұдан бөлек, артық бюрократиялық рәсімдер мен қарау мерзімдерін қысқарту тізбені өзектендіру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және дискрециялық өкілеттіктер көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, бұйрық АЭА қызметін мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға, норма шығармашылығы процестерін жеделдетуге және инвестициялар тарту мен кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін анағұрлым икемді жағдайлар жасауға бағытталған.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.