Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызметтің түрлерінің тізбесің бекіту туралы

Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызметтің түрлерінің тізбесің бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызметтің түрлерінің тізбесің дербес нормативтік құқықтық акт ретінде бекітуді көздейтін бұйрық бекітті.

Бұйрық Тізбені жүргізу және өзектендіру тәртібін жеңілдетуге, ведомствоаралық келісу мерзімдерін қысқартуға және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Тізбені дербес НҚА ретінде бекіту инвесторлардың қажеттіліктері мен экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қажетті түзетулерді жедел енгізуге мүмкіндік береді, бұл АЭА аумақтарында жаңа инвестициялық жобаларды жылдам іске қосуға ықпал етеді.

Өзгерістер, сонымен қатар, АЭА қызмет түрлерін өзектендіру кезіндегі артық бюрократиялық рәсімдерді, еңбек шығындарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.