Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы әзірленіп, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, 2026 жылғы 16 наурыздағы № 101 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38160 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілді.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 66) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидалары нормаларымен  реттеледі.

Бас схеманың міндеттері болып:

1) өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесінің мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мақсаты мен сипатын белгілеу;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары бойынша өңіраралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру табылады.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1012117?lang=kk