Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары,  егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілді

Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары,  егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілді

Қазақстан Рсепубликасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығының жобасы әзірленіп, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38632 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілді.

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі                             24-бабының 39) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидалардың нормаларымен  реттеледі.

Қағидалармен қала құрылысы жобаларының жобалық шешімдеріне қоғамдық талқылаулар өткізу, қала құрылысы жобаларын түзету, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу  және оларды бекіту бойынша нормалар қарастырылған.

Бас жоспарларды әзірлеу бойынша нормалар мыналарды есепке ала отырып әзірленеді:

сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін мен қар көшкіні қауіп-қатерлерінің және олар болған жағдайда олардан төнетін қауіп-қатерлердің карталары;

тығыздық, биіктік, жалпы білім беретін мектептермен және мектепке дейінгі ұйымдармен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету объектілерімен, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар сақтай отыра.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1012123?lang=kk