«Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттелуін бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

Бұйрық жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін іске асыру мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Құжатта мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде геология саласындағы ұлттық оператордың қызметіне бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін, нысандары мен құралдарын айқындайтын қағидаларды бекіту көзделеді. Құжат бақылау іс-шараларының жүйелілігін, ашықтығын және дәйектілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйі мониторингінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қағидалар шеңберінде мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстардың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты жинау, талдау және бағалау рәсімдерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандарын және басқару шешімдерін қабылдау кезінде алынған деректерді пайдалануды қоса алғанда, уәкілетті органның ұлттық оператормен өзара іс-қимылының негізгі тетіктері белгіленеді.
Құжат мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстардың орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, геологиялық ақпараттың сапасын арттыруға және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік жер қойнауы қорын неғұрлым тиімді басқару үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Қағидалар республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды көздемейді, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/993194?lang=kk