Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты Энергия үнемдеу ұлттық орталығы болып өзгертілді

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты Энергия үнемдеу ұлттық орталығы болып өзгертілді

2026 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің №55 «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын анықтау туралы» бұйрығы қабылданды.

Бұйрық «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6-4) тармақшасына және 2025 жылғы 01 шілдедегі №20-15-08/13П Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын тыңдау хаттамасына сәйкес, сондай-ақ  энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жаңарту мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасында «Энергия үнемдеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты етіп белгілеу.

Ұйымның қазіргі атауы оның нақты қызметіне сәйкес келмейді. Институт барлық 39 түрдегі отын-энергетикалық ресурстармен жұмыс істей отырып, олардың үнемделуін, ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Алайда, қолданыстағы атау ұйым электр энергиясын өндіру және тарату саласын дамытуға маманданған деген қате түсінік қалыптастырады.

Жаңа атау халықаралық және қазақстандық тәжірибені талдау нәтижесінде әзірленіп, ұйымның бейіні мен міндеттерін анағұрлым дәл көрсетеді.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/977831?lang=kk