Жол инфрақұрылымының дамуы ерекше бақылауда екені белгілі. Мәселен, ведомство басшысы 17-38 шақырым аралығындағы «Абай – Қарабас – Жартас – Долинка» жол учаскесінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның жалпы ұзындығы – 21 шақырым. Мердігер ретінде «Прогресс KZ» ЖШС таңдалған-ды. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда асфальт 7 шақырымға төселіп, 5 су өткізгіш құбыр ауыстырылды. Асфальтбетонның негізгі және төменгі қабаттарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жол-құрылыс маусымының соңына дейін асфальтбетон жабынының төменгі және жоғарғы қабатының 15 шақырымын салып, төсеу жоспарланған.