Қарағанды облысына жасаған іссапары барысында Марат Кәрімжанұлы Абай тігін фабрикасына барды. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған киімдердің, тоқыма бұйымдарының, төсек-орын жабдықтарының, балалар мен ересектерге арналған сыртқы киімдердің, мектеп формалары мен спорттық костюмдердің кең ассортиментін ұсынып келеді. 2021 жылы В2С сегментіне сәйкес киім тігу өндірісі іске қосылып, Abai тауар белгісі тіркелді. Мұнда сонымен бірге әкімшілік-тұрмыстық кешен күрделі жөндеу сатысында тұр.