Қазақстанда энергия үнемдеу күніне орай «Energy Saving Week – 2025» өтеді


Қазақстанда энергия үнемдеу күнін мерекелеу шеңберінде «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «Energy Saving Week – 2025» өткізілетінін хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың, бизнестің, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері арасында тәжірибе мен білім алмасуға көмек көрсету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәдениетін дәріптеу.
Energy Saving Week – 2025 Астана қаласындағы үш негізгі іс-шараны қамтиды:
- VII Халықаралық энергия үнемдеу форумы – 7 қараша;
- «Energy Saving Cup» студенттік пікірсайыс турнирі / «Саладағы цифрлық трансформация» – 8-9 қараша;
- Мектептегі энергия үнемдеу күні – 10 қараша.
VII Халықаралық энергия үнемдеу форумы 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу күнін мерекелеуге орайластырылған.
Форумның негізгі мақсаты – халықаралық және қазақстандық сарапшылар арасында сындарлы диалог пен пікір алмасу үшін платформаны дамыту, әріптестік байланыстарды нығайту және энергия үнемдеу саласында тиімді шешімдерді ілгерілету.
Форум аясында пленарлық отырыс және панельдік сессиялар өтеді:
- өнеркәсіпте және ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру,
- энергия үнемдеудің қаржы құралдарына,
- цифрландыру және инновациялар.
Биылғы жылы өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Форум аясында «балалардың көзімен энергия үнемдеу» балалар суреттерінің байқауы және студенттер үшін пікірталастар ұйымдастырылды.
07 қараша 2025
10 қараша 2025
Халықаралық форум