«ҚАЗАВТОЖОЛ-KAZTRAFFIC – 2022» XVIII Халықаралық Көрмесі

«ҚАЗАВТОЖОЛ-KAZTRAFFIC – 2022»  XVIII Халықаралық Көрмесі

2022 жылғы 24-25 қараша, Астана,

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

қолдауымен 

Халықаралық «Казавтожол-Kaztraffic-2022» көрмесі өтеді.

 

  Сіздерді XVIII Халықаралық «Казавтожол-Kaztraffic-2022» көрмесінің            жұмысына қатысуға шақырамыз,

мұнда жол құрылысы, автокөлік жолдарын жөндеу, жарамдылығын қамтамасыз ету саласындағы соңғы жетістіктер ұсынылады.

 

Іс-шараның ашылуы 24 қарашада сағат 10.00-де:

 Астана қаласы,

 «Expo» конгресс орталығы

Сауран көш., 44.

 

Одан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығының қатысуымен экспозициялар қаралады.

Сонымен қатар, барлық журналистердің барлық экспонент компаниялармен сұхбаттасу мүмкіндігі болады.

Көрме аясында іскерлік іс-шаралар жоспарланған, атап айтқанда:

 

  • Конференция: «Автокөлік жолдары саласын дамыту перспективалары»,

Ұйымдастырушылар: ҚР ИИДМ АЖК,  «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Қазавтожол» ҰК АҚ,  «ЖАСҰО» РМК.

 

 

Көрме экспозиясын жол және аэродромдық төсемдерді өндіру және олардың құрылысы, жөндеуі, жарамдылығын қамтамасыз етудің заманауи технологияларын енгізуді жүзеге асыратын компаниялар ұсынады. Сондай-ақ техникалардың, геосинтетикалық материалдарының, сапаны бақылау құралдарының, тосқауыл қоршауларының, бетон зауыттарының, асфальт-бетон зауыттарының, автобетонараластырғыштардың, эмульсиялық қондырғылар, битумды түрлендіру қонлырғыларының, көлденең таңбалауға арналған материалдар мен техникалардың кең қатарын жеткізуді жүзеге асыратын компаниялар ұсынады.

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусьтің, Германияның, Францияның,  АҚШ-тың кәсіпорындары жол құрылысы, жөндеуі мен жарамдылығын қамтамасыз ету саласындағы  өздерінің ең үздік әзірлемелерін ұсынады.

            Көрме серіктесі Bosphorus Expo, Стамбул қ. ұйымдастырған Түркияның экспозициясы жеке көрсетіледі.

 

Іс-шараның тұрақты ұйымдастырушыларының бірі – Қазақстан жолдары ғылыми-зерттеу институты. Жол саласындағы 63 жыл жұмысында ҚазжолҒЗИ өзінің ғылыми-техникалық қызметінде айтарлықтай маңызды нәтижелерге ие болды, оның ішінде: ғылыми жаңалықтар; жаңа инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу мен енгізу; ең заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған қуатты зертханалық база құру және тағы да басқалар.   

  «Нұрлы Жол» и «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында институт автокөлік саласын цифрландыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, атап айтқанда:

  • Ақтау және Астана қалаларының «Көше-жол желілерін басқару» (КЖЖ) жүйесі әзірленді;
  • институт мамандары жүргізетін автокөлік жолдарын және көпір құрылыстарына диагностика және төлқұжат жасау нәтижелері «Жол активтерін басқару жүйесіне» (ЖАБЖ) енгізіледі;
  • жол конструкциялары орындарында температура және ылғалдылық туралы деректерді Қазақстан Республикасының барлық аумағында орналасқан автокөлік жолдарындағы өлшеу кешендері (бергіштер) арқылы автоматты түрде алу жүйесі әзірленген және енгізілген;
  • 1200-ден аса құжат бар «Infozhol» автокөлік жолдары саласының нормативті-құқықтық актілердің электронды базасы жандандырылады.

 

Автокөлік жолдарының сапасын жақсарту, жолда киетін киімдердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін және жолдар саласының бюджетін тиімді пайдалану мақсатында «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол құрылысы тәжірибесіне жаңа материалдар мен технологиялық шешімдер белсенді түрде сынақтан өткізуде және енгізуде.

Институт автокөлік жолдары саласында әлемдегі алғашқы ғылыми жаңалықтарды ашты:

  • «Төмен температурада сызаттың пайда болуында асфальт-бетон төсемдерінің өзін-өзі дұрыстау заңдылығы»;
  • «Тұтқыр серпімді материалдардың сатылық тозулық заңдылығы (Телтаев қағидасы)»;
  • «Наноқұрылымдалған битумның түзілу құбылысы».

 

 

Көрмеге ҚР Үкіметінің (2019 жылғы 19 наурыздағы) Қаулысымен автокөлік жолдарының құрылысын, жөндеуін және пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін құрылған ҚР ИИДМ-нің «Ұлттық жол активтер сапасы орталығы» ШЖҚ РМК қатысады.

            Сапа орталығы кәсіпорынның барлық бизнес-үрдістерінің жоғары тиімділігі мен ашықтылығын қамтамасыз етуге арналған цифрландыру элементтерін белсенді түрде енгізеді:

  • автожолдардың орташа жөндеуі бойынша ведомстволық сараптамасының электронды порталы;
  • «KazRoadLab» бейінді бағдарламалық шешімінің мобильді нұсқасы. Бағдарлама құрылыс нысандарында жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың барлық үрдістерін автоматтандыру және цифрландыруға арналған;
  • нейронды желілер технологияларды пайдалана отырып, автожолдар төсемінің ақауын видеомен іздеу және төлқұжатын жасау. Бүгінгі таңда Орталық әзірлеген жасанды зият негізінде видео тіркеу жүйесінің арқасында ақауларды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта төлқұжатын жасау қарқынмен жүргізіледі, мұнда өтілген жол, жол геометриясы, координаттары, жолтабандылық, көлденең және бойлық тегістілігі тіркеледі, одан әрі цифрлық деректер ПК-де өңделеді;
  • жаңа технологияларды тәжірибелі жерлерді сынақтан өткізу және мониторингілеу арқылы енгізу.

Бұлардың барлығы жайлы кеңейтілген ақпарат беріледі, сондай-ақ «Қазавтожол-Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінде баяндамалар беріледі. 

 

"ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ «QAJ mobile» жаңа мобильдік қосымшасын таныстырады. Бұл қосымша Қазақстан Республикасында тіркелген барлық көлік құралдарының иелеріне тегін теңгерімді толтыруға, ақылы автокөлік жолдарымен өткен жол жайлы есептілікті көруге, көлік құралы бойынша көшірме алуға мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижесі және даму перспективалары жайлы мейлінше толық ақпаратты "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ-ның мамандары «Автокөлік жолдары саласының даму перспективалары» конференциясының жұмысы барысында береді.

                        БАҚ басшылары мен мамандарын «Қазавтожол-Kaztraffic-2022» көрмесінің жұмысына қатысуға, басылымдар бетінде және репортаждарда шығару үшін  шақырамыз.

            Сіздерге жақсы жұмыс, жаңа перспективалар мен бағыттар, жаңа ынтымақтастық нұсқаларын және жай ғана сәттілік тілейміз!

 

Сіздерді іс-шарамызда көруге асықпыз!

Журналистерді тіркеу 24 қарашада сағат 9.00-ден бастап ашық болады.

 

Сондай-ақ Сізге ыңғайлы болу үшін мына сілтеме арқылы өтіп,

алдын-ала тіркелуге мүмкіндік бар:    

  https://vs-expocom.com/registracziya-smi/

Басталу уақыты

24 қараша 2022

Соңғы күні

25 қараша 2022

Өткізу орны

«ЭКСПО» ХҚО, Мәңгілік Ел д., 53/1

Оқиға түрі

Көрме