Меню

Страницы

Статья

Сайлығараев Маханбетжан Әбдірахманұлы

Сайлығараев Маханбетжан Әбдірахманұлы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек қыстағында 1918 жылдың 15 желтоқсанында дүниеге келген. 

1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1941 жылы әскери борышын өтеп, елге қайтайын деп тұрған кезінде, Ұлы Отан соғысы басталған. Атамыз қанды майданға аттанып, 114-ші атқыштар полкінің қатарында Сталинград майданына қатысқан. Соғыс аяқталғаннан кейн Ленинград қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысып барып, 1947 жылы ғана елге оралған.

Ұлы Отан соғысында жауды жеңу жолында өз өмірін қауіпке тігіп, бар күшін салып жаумен күрескені үшін атамыз Сайлығараев Маханбетжан көптеген медальдармен, ордендермен марапатталған.

Елге оралған уақыттан бастап 1970-ші жылға дейін өзінің туған өлкесінде көптеген басшы қызметтерін атқарған. 1971-ші жылы «Шаған» қыстағына Тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің бастығы қызметіне шақырылып, кейін «Тереңөзек» совхозы директорының орынбасары қызметін атқарған. 

Зейнетке шыққаннан кейін де, 1980-1990 жылдар аралығында атамыз Сайлығараев Маханбетжан бірнеше жылдар бойы осы совхоздың мал шаруашылық комплексін басқарған. 

Қандай қызмет атқарса да, өзінің адалдығымен және жауапкершілігімен танылған атамыз Сайлығараев Маханбетжан халықтың сый-құрметіне бөленген. Ақыл-парасатымен, мейірімділігімен жастарға үлгі болып, өзінің бар білгенін өсіп келе жатқан ұрпаққа үйретуден жалықпаған.

1948 жылы әжеміз Сара Нұралықызымен отбасын құрып, дүниеге 14 перзент келген. Әр перзентінен немере-шөбере сүйіп, қолынан су ішкен. Өзінің ұрпағына жақсы тәлім-тәрбие беріп, барлығына жоғары білімді болып, өмірде өз орындарын табуға жол көрсеткен. 

2006 жылдың 20 ақпанында атамыз Сайлығараев Маханбетжан 88 жасында дүниеден озды...

Атамыз мәңгі біздің жүрегімізде...

 

Авторы: Немересі – Сайлығара Жандос Сапарбекұлы ҚР ИИДМ Заң департаменті Заңнама басқармасының басшысы

Дата публикации
08 мая 2020
Дата обновления
08 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Информация
02 июля 2026
Инструкция по добавлению кодов АГСК-3 в карточке товара
СМИ о нас
26 февраля 2026
100 млн долларов и новые проекты: итоги визита Ерсайына Нагаспаева в Германию
16 февраля 2026
Видеоинструкция для определения статуса заявок в Реестре

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы