Меню

Страницы

Статья

Құттыбаев Кәрібай

Құттыбаев Кәрібай - Ұлы Отан соғысына қатысқан

Атамның өмір дерегімен таныс болыңыздар! (1913-1994)

     К.Құттыбаев 1913 жылы 13-қарашада Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақжайлау ауылында дүниеге келді.

     Бес жасында жетім қалып, 20-30 жылдардың қиыншылығын бастан кешкен ол 8 жасында оқуға барып 7 класты бітірді.

      1929 жылдан 1932 жылға дейін Үржар ауданы Тасбұлақ совхозынан алғаш ұйымдастырылған совхоз уч курсының үш жылдығын оқып бітірді.

      Еңбек жолын 1933 жылы Ақжайлау ауылдық кеңесінде хатшы болудан бастады. Жұмыс істей жүріп Зайсан қаласындағы мұғалімдер дайындайтын училищені бітірген К.Құттыбаев 1934 жылдан бастап Көкжартас, Серіктес бастауыш мектептерінде мұғалім болды. 

      К.Құттыбаев ұстаздықтан қол үзбей 1938-1941 жылдары Семейдегі педагогикалық институтты бітірді.

      1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты, одан жараланып келген соң 1946-1948 жылдары «Еңбек» колхозы басқармасының төрағасы болды. Ал 1948 жылы мұғалімдік жұмысқа қайта оралды.

      1949-1952 жылдары «Ленин жолы» жеті жылдық мектебінде директор болып қызмет істеді.

       К.Құттыбаев 1952 жылдан 1974 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін 22 жыл бойы қазіргі Тана мырза ауылындағы бастауыш мектепте мұғалім, мектеп менгерушісі болып жемісті жұмыс істеді.

       Мұғалімдік қызметте жүріп ол ауданның қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласты. Көптеген жылдар бойына «Комсомол» совхозы №6 фермасы цехтың партия ұйымының хатшысы болып, ауылдық, аудандық Кеңестердің депутаттығына да сайланды.

        К.Құттыбаев ағарту саласындағы мінсіз қызметі үшін Республика халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен марапатталып, соғыс және еңбек ардагері атанды.

        К.Құттыбаев өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын түсірмей аудандық газеттің штаттан тыс тілшісі ретінде баспасөз ісіне белсене араласты.

        Осы өңірдің зәру мәселелеріне байланысты облыстық, аудандық газеттерде қалам тербеп, салиқалы ойлар айтты.

         К.Құттыбаевтан дәріс алған көптеген шәкірттері қазірде еліміздің әр жерінде жемісті еңбек етіп жүр.

Автор: Көлік комитетінің қызметкері Құттыбаев Дархан немересі.

Дата публикации
07 мая 2020
Дата обновления
07 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Информация
02 июля 2026
Инструкция по добавлению кодов АГСК-3 в карточке товара
СМИ о нас
26 февраля 2026
100 млн долларов и новые проекты: итоги визита Ерсайына Нагаспаева в Германию
16 февраля 2026
Видеоинструкция для загрузки выписки из Реестра

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы