Жиі қойылатын сұрақтар
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 5 – тармағының 2) - 3) тармақшаларына сәйкес бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алуға және оған жөндеу жүргізуге ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді жүзеге асыруға жол беріледі.
Бұл ретте тұрғын үйді жөндеуге зейнетақы төлемдерін тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы құрамында ғана пайдалану мүмкіндігін беру зейнетақы төлемдерін мақсатсыз пайдаланудың жоғары тәуекелдеріне және зейнетақы шотынан ақша алудың жеңіл тәсіліне байланысты.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жөндеуге зейнетақы төлемдерін пайдалану тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Пайдалану сомасында шектеулердің болмауы тұрғын үйді жөндеуге, аз соманы алуға, жалған чектер беруге байланысты көптеген операцияларға әкеледі.
Осылайша, зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігі ҚР азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ықпал етпейді.
Мемлекеттік қолдау шаралар шеңберінде 2019 жылдан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді сату жұмыс істейді.
Мұндай тұрғын үйді жалға алушылар тұрғын үй жағдайларын одан әрі жақсарту үшін 3 жыл ішінде тұрғын үй жинақтарын жинайды. Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жас отбасыларға арналған "Жас отбасы"атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шеңберінде бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да тұрғын үй сатып алуға немесе үй салу үшін жер учаскесін сатып алуға жол беріледі. Бұл бағдарламаның артықшылығы-бағдарламада ерлі-зайыптылардың жасына және отбасындағы балалардың санына шектеу жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында әкімдіктер жұмыс істейтін жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін өңірлік бағдарламалар әзірлеуде.
Атап айтқанда, Алматы қаласында «Алматы жастары», Астана қаласында «Елорда жастары», Жамбыл облысында «Әулие-Ата жастары, Қарағанды облысында «Қарағанды жастары», «Теміртау жастары», Қостанай облысында «Жас шаңырақ», Алматы облысында «Алатау жастары», Атырау облысында «Атырау жастары», Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары», Абай облысында «Абай жастары», Жетісу облысында «Жетісу жастары», Шымкент қаласында «Қамқор», Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қарларында «Ертіс жастары», Ұлытау облысында «Ұлытау жастары», Қызылорда облысында «Сыр елі жастары», Маңғыстау облысында «Маңғыстау жастары» бағдарламалары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының 23-тармағына сәйкес жобаланып жатқан, салынып жатқан, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникалық қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын және күрделі жөнделетін ғимараттарда АӨЖ және ЭТЕАЖ элементтеріне қажетті суды есепке алу аспаптарын орнатуға жұмсалған шығындар құрылыс салушыға жүктеледі.
ҚР ҚНжЕ 4.1 - тармағына сәйкес 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар» жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын сумен жабдықтау желілерін жобалау кезінде су құбыры желілері құдыққа суды есепке алу аспабын орната отырып, тұтынушылар учаскелерінің шекараларына тікелей жеткізілуі тиіс.
Яғни, үйге сумен жабдықтау желілерін жүргізу тұтынушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады
«ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникациялар тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады, елді мекеннің бас жоспары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негізінде орындалған болып есептеледі.
Бұл ретте Заңның 60-бабының 2-тармағында республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша құрылысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асыруға болатын объектілердің тізбесі айқындалған.
Ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі ҚР 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» ҚН-мен регламенттеледі.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 64-5-бабының 1-тармағына сәйкес аккредиттелген сараптама ұйымдары, осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді.
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысымен бекітілген
Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалау шешімдеріне, оған инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты ауыстыруды қоса алғанда, елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен түзетілуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары.