Жиі қойылатын сұрақтар
Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы уәкілетті органға қызмет түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді ("Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Заңның 19-бабы).
Қызмет түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішке осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жоба паспорты (бұдан әрі – жоба паспорты), жобаның әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды талдау және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын есептеу қоса беріледі.
Әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалауды талдау жобаны іске асырудың мультипликативтік әсері жөніндегі мәліметтерді, жобаның паспортында көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруді қамтитын жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі шарттарымен жобаны сипаттауды қамтиды.
Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде толықтығы мен дұрыстығына барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті қарайды.
Ұсынылған құжаттар толған жағдайда уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қоса бере отырып, құжаттар топтамасын республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару мүмкіндіктерін қарастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне) және бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне) қарау үшін жібереді.
Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізіледі және бірыңғай үйлестіру орталығының ресми интернет-ресурсында жарияланады.