Жиі қойылатын сұрақтар
Меншік иелері көпқабатты үйді басқаруға қатысты барлық шешімдерді жалпы жиналыста қабылдайды.
Бірінші кезектегі құқыққа ие санаттар:
- ҰОС ардагерлері;
- жетім балалар;
- көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар отбасылар;
- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- жесірлер.
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру (жалға берілетін тұрғын үй);
2) жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
3) «Отбасы банк» АҚ арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй заемдарын беру;
4) тұрғын үй сертификаттарын беру.
Архитектуралық-қала құрылысы кеңесі — әкімдіктер жанындағы қала құрылысы саясатын үйлестіру және елді мекендердің сәулеттік келбетін дамытуға арналған тұрақты консультативтік-кеңесші орган.
Архитектуралық-қала құрылысы кеңесі қала құрылысы және сәулет мәселелерін қарастырып, олар бойынша ұсыныстар береді.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен Архитектуралық-қала құрылысы кеңесі туралы Үлгілік ережеге сәйкес, кеңес құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сәулетшілер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының мамандары, қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін тұлғалар кіреді. Кеңесті өңір әкімі басқарады, орынбасарлары – құрылыс саласын қадағалайтын әкім орынбасары және бас сәулетші, хатшысы дауыс беру құқығынсыз жергілікті атқарушы орган қызметкері болып тағайындалады. Кеңес құрамы тақ санды және кемінде жеті адамнан тұрады.
Қазақстан Республикасының Архитектуралық-қала құрылысы кеңесі туралы Үлгілік ережеге сәйкес, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сәулетшілер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының мамандары, сондай-ақ қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдар кіреді. Сонымен қатар кеңес жұмысына дауыс беру құқығымен кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің, аккредиттелген қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Архитектуралық-қала құрылысы кеңесінің жұмыс регламентіне сәйкес, оның шешімдері ұсынымдық сипатта болып, хаттамамен рәсімделеді. Қарау нәтижесінде жоба іске асыруға, ескертулермен іске асыруға ұсынылуы, пысықтауға қайтарылуы немесе қабылданбауы мүмкін. Кеңес бекітілген жобалардың іске асырылуын тоқтатуға немесе міндетті өзгерістер енгізуге құзыретсіз, бірақ уәкілетті органдарға оларды қайта қарау туралы ұсыныс бере алады.
Қазақстан Республикасының Архитектуралық-қала құрылысы кеңесі туралы Үлгілік ережеге сәйкес, әкімдікпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл олардың өкілдерін кеңес құрамына енгізу арқылы, сондай-ақ қала құрылысы және сәулет мәселелерін қарау және кейін ұсыныстар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ұсыныстар уәкілетті органдарға жолданып, аумақтарды дамыту және қала құрылысы саласындағы басқарушылық шешімдер қабылдауда ескеріледі.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару нысанын таңдауға және оны өзгертуге ерікті. Бұл талап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47-бабының 2-тармағында бекітілген.
Көппәтерлі тұрғын үйде басқарушы компания болған жағдайда да, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті.
Осыдан кейін, егер меншік иелерін қолданыстағы басқарушы компанияның қызметі қанағаттандырса, олар онымен кондоминиум объектісін басқару туралы шарт жасаса алады немесе оның қызметтерінен бас тарта алады.
Мысалы, меншік иелері үйді МИБ арқылы басқару туралы шешім қабылдап, кондоминиум объектісін басқару функцияларын жүзеге асыру үшін басқа ұйымды тартуға құқылы.
Бұған дейін құрылыс салушы құрған басқарушы компанияның болуы меншік иелерін кондоминиум объектісін басқару нысанын өз бетінше айқындау құқығынан айырмайды.