Түркістан қаласын жеделдете дамытудан, сонымен қатар қосалқы жұмыс орындарын құру мен Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылатудан және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
3 тармақ 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де қызметтерін салу және пайдалануға беру;
9) әуежайлар мен әуе қозғалысын басқару; әуежай сияқты терминалдардың қызметі және сол сияқтылар; әуеайлақтарда жердегі қызмет көрсетумен байланысты қызмет және сол сияқтылар.».
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі А. Мамин