Қазақстан Республикасының Үкіметі мен біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.    

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.    

 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

Қол қою орындылығының негіздемесі
Дата публикации
15 января 2020