Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы: жүйенің функционалдығы мен тұрғын үй алу үшін есепке тұру процесі

2025 жылғы 24 мамырда kezekte.kz ақпараттық жүйесінің жұмысы тоқтатылып, «Отбасы Банкі» АҚ «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы іске қосылды.

2025 жылғы 24 мамырдың сағат 09:00-ден бастап orken.otbasybank.kz порталы тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарының өтініштерін қабылдау үшін жұмыс істейді. Ол үшін сайтта авторлану, сондай-ақ қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет.

Өтінім orken.otbasybank.kz порталында онлайн беріледі және Отбасы банктің бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.

Әрі қарай жүйе үміткерді автоматты түрде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою талаптарына сәйкестігі қатысында тексереді. Егер ол кәмелетке толған азамат болса және соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі болмаса, онда ол тізімге енгізіледі.

Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою – бұл мемлекеттік қызмет. Оны көрсету мерзімі – бір жұмыс күні. Егер өтініш беруші өтінімге сканерленген құжаттарды (мысалы, тұрғын үйдің апатты екенін растайтын құжаттар) қоса салса, онда қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Яғни, егер азамат демалыс күні өтінім берсе, онда есепке қою демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні жүргізіледі.

Жүйе жылжымайтын мүліктің бар-жоғын ғана емес, тұрғын үйге мұқтаж адамның отбасылық жағдайын, мәртебесі мен санатын және тағы да басқа жәйттерді автоматты түрде тексереді. Яғни «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесінде өтініш берушінің цифрлық портреті жасалады. Бұл жанұяның құқықтық және әлеуметтік мәртебесін, оның табысын, қандай да бір әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды алушы болып табылатынын, баспанасының бар-жоғын көру үшін қажет. Осы деректерге сүйене отырып, өтініш берушіге тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекеттік қолдаудың әртүрлі шаралары ұсынылады.

Азаматтардың барлық деректерін автоматты түрде тексеру үшін банк 14 мемлекеттік дерекқормен және ақпараттық жүйемен интеграцияланған.

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою үшін өтінім берген кезде әрбір өтініш беруші мен оның жанұя мүшелеріне 1414 нөмірінен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы SMS-хабарлама келеді. Бұл хабарламаға жауап беру керек.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде келесі аталған тұлғалар есепке тұра алады:

 - соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кәмелетке толған қазақстандықтар;

 - жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған қазақстандықтар.

        2025 жылғы 23 маусымдағы жағдайы бойынша 494 384 өтініш келіп түсті және 249 803 өтініш берушілер тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылды.

Тіркеу немесе бас тарту туралы шешімді «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша қабылдамайды және пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі (сонымен қатар жауап 1414 нөміріне SMS арқылы жіберіледі).

Портал тәулік бойы жұмыс істейді, бәрі штаттық режимде жұмыс істейді.

Есепке қою және тұрғын үйді бөлу шарттарымен, сондай-ақ өтініш берушілерге қойылатын талаптармен orken.otbasybank.kz порталында танысуға болатындығын атап өткен жөн.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы: жүйенің функционалдығы мен тұрғын үй алу үшін есепке тұру процесі
Дата публикации
23 июля 2025