Жылжымайтын мүлікпен делдалдық қызметтер бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес, Сізге келесіні хабарлайды:

  1. 2025 жылғы 15 шілдеде «Ашық НҚА» интернет-порталында Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікпен делдалдық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» және «Риэлторлық қызмет туралы» және «Риэлторлық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері орналастырылды.
  2. 2025 жылғы 21 шілдеде сағат 16:00-де Qosyl бейнеконференция платформасы арқылы қоғамдық талқылау өткізіледі (Конференция идентификаторы: 982-594-437-779, қатысу коды: 12345).

Талқылауға қатысу үшін 2025 жылғы 18 шілдеге дейін келесі мәліметтер көрсетілген кандидаттарды a.bezhibaev@mps.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет: толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы және ұялы телефон нөмірі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 71 72 98 31 80 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Жылжымайтын мүлікпен делдалдық қызметтер бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
15 июля 2025