«Сараптама ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Нақты мақсаттар

Бұйрық жобасында мемлекеттік қызметті автоматтандыруды және Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін, Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібін регламенттеуді ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ стандарт пен регламентті жоюға қою көзделеді.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

Бұйрық жобасы
Дата публикации
02 июня 2021