ҚР ИИДМ «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесін енгізу, сүйемелдеу және дамыту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасыны бастайды

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесін енгізу, сүйемелдеу және дамыту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрі: МЖӘ жобасын әзірленген ақпараттық жүйені ерекше авторлық құқықтармен мемлекеттік меншікке беруді, сондай-ақ жеке әріптестің қаражаты есебінен ақпараттық жүйені енгізуді, сүйемелдеуді және дамытуды көздейтін модель бойынша іске асыру жоспарланып отыр.

Бюджеттен сұратылатын төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары: жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну көзделмейді. Жобада жеке серіктеске бюджеттік төлемдер, мемлекеттен субсидиялар, өтемақы төлемдерін беру қарастырылмаған.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

МЖӘ жобасын іске асырудың жоспарланған мерзімі - 2021-2030 жылдар.

МЖӘ жобасы мынадай кіші жүйелерден тұрады:

- сәйкестендіру және авторизация;

- сыртқы портал;

- жеке кабинеттер;

- тұрғын үй шаруашылығы;

- есептеу құралдары;

- есептеулер;

- сараптама;

- біріктіру;

- басқару.

Жоба техникалық жағынан күрделі және бірегей болып табылады.

Жобаның мақсаты мен міндеттері: МЖӘ жобасын іске асырудың негізгі мақсаты ақпараттандыру объектілерінен алынған шоғырландырылған ақпараттың негізінде тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету болып табылады.

МЖӘ жобасын ауқымды енгізу мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй қоры (көппәтерлі тұрғын үйлердің саны, олардың техникалық жай-күйі, жасалған шарттар, үйді күрделі жөндеу бойынша шығындар және т.б.), коммуналдық шаруашылық (коммуналдық қызметтерді жеткізушінің паспорты, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеке шоттары туралы, есептеу құралдары бойынша және т. б.) бойынша деректерді беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге деген нақты қажеттілік:

МЖӘ жобасын іске асыру мынадай нормативтік құқықтық актілерде, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген:

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы;

- «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысы;

- «Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығы.

Баламалы өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі: хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн. Баламалы ұсыныстар Заңның 32-бабында айқындалған әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс, баламалы ұсыныстың құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағына сәйкес құжаттарды қамтуға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуге тиіс.

Байланыстар: «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшеcі 8, 10-кіреберіс, Тел.: 8-7172-999-418 (ішкі 1280), 8-701-347-45-50, эл. мекен-жайы a.tazhimurat@miid.gov.kz.

Хабарландыру
Дата публикации
31 мая 2021