Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 2-тармағына сәйкес жер асты суларын өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес келісімшартта айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат алуға міндетті екенін хабарлайды.
Жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуы арнайы су пайдалануға рұқсат берілген күннен бастап не көрсетілген мерзім өткеннен кейін тоқтатылады егер арнайы су пайдалануға рұқсат алынбаған болса.
Осыған байланысты 2021 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсат алу қажеттігі туралы хабардар етеміз және құзыретті органды осындай рұқсатты алғаны туралы хабардар ету керек.
Арнайы су пайдалануға рұқсат алмаған жағдайда келісімшарттың қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымнан бастап тоқтатылады, бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды жүргізуге және келісімшарт талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті болады.