ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 514 бұйрығымен құрылған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері арасында өткізіледі.

Жұмыс тобының шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 20 адамды құрайды, оның ішінде 14 орын азаматтық қоғам өкілдері (Қазақстан Республикасының азаматтары және коммерциялық емес ұйымдар)үшін, 6 орын - мемлекеттік орган өкілдері үшін көзделген.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚАЖЕТ:

1.Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші (еркін нысанда немесе 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

2.Кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.

3.Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (eGov.kz веб-порталда алуға болады).

4.Психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама (eGov.kz веб-порталда алуға болады).

5.«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім (еркін нысанда немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген талаптар қойылады.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

* сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

* психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде — 2026 жылғы 23 қазаннан 6 қарашаға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы қабылданады: a.bektanov@mps.gov.kz немесе қолма-қол жұмыс уақытында мекен-жайы бойынша:

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: 8 (7172) 98-32-35, 8 (7172) 98-32-01.

Жарияланған күні

22 қазан 2026 09:58

Жаңарту күні

22 қазан 2026