«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру жөніндегі ұлттық оператор болып табылады

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру жөніндегі ұлттық оператор болып табылады. Орталық өңеу өнеркәсібі кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді. Кәсіпорындар өз шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінін өтей алады.

 

Бірінші бағыт - өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу:

  • қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
  • Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу
  • Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
  • Цифрлық технологияларды енгізу

 

Екінші бағыт - қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу ішкі нарыққа:

1) халықаралық сертификаттаудан өтуге байланысты және қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындарға, оның ішінде:

* Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау жүргізуге;

* сынақ нәтижелерін сараптауды қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге;

* инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

* сертификаттарды тіркеуге;

* сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға.

 

2) аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

* сәйкестендіру құралдарын сатып алуға;

* өнімді шығару кезеңінде сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

* бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе инженерлік материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жүргізіледі.

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы №306 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін, жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар.

 

Өтінімдерді беруге арналған өтемақы шарттары, нұсқаулық және құжаттар тізбесі мына сілтемеде орналасқан: https://qazindustry.gov.kz/kk/business_reimbursement. 

 

Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді

 

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңартылған тетіктері енгізілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған.

«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, отандық кәсіпорындар ел ішінде теміржол арқылы басым тауарларды тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50%-на дейін өтей алады. Өтемақының ең жоғары сомасы 10 мың АЕК, яғни 43,25 млн теңгені құрайды.

Бұл шара өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық қамтудың үлесін арттыруды ынталандыруға бағытталған.

Сондай-ақ, трансұлттық корпорациялармен жұмыс істеуді жоспарлаған компаниялар үшін халықаралық сертификаттауға жұмсалған шығындарын өтеу көлемі бес есеге артты. Мұндай сертификаттар ірі халықаралық ұйымдардың тендерлеріне қатысуға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өтемақы мөлшері 3000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бұдан бөлек, «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына» өзгерістер енгізілді. Енді жыл сайынғы салық түсімінің өсім көсретіп отыру шарты жеті жылдан аз уақыт бұрын тіркелген кәсіпорындарға қолданылмайды (бұрын - үш жыл болған). Бұл өзгеріс өндірістік кәсіпорындардың толық қуатқа шығу мерзімін ескеруге және жаңадан құрылған компаниялардың көбірек мемлекеттік қолдау алуына мүмкіндік береді.

Бизнесті ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат https://qazindustry.gov.kz/kk ресми сайтында («Бизнесті ынталандыру» бөлімі) орналастырылған. Әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы). Ашық есік күндері өткізіледі. Кеңес алу үшін +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) нөміріне хабарласуға болады.

Жарияланған күні

16 қазан 2026 20:21

Жаңарту күні

19 қазан 2026