Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер ұсынуға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыретіне өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, геология, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіптік кешен салаларындағы 68 мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіреді.

2026 жылдың I тоқсанында Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері 42 165 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетті.

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетуге міндетті.

Бүгінгі таңда Министрлік көрсететін 67 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (98,5 %) электрондық форматта қолжетімді. Қазіргі уақытта 1 мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

О государственных услугах оказываемых Министерством промышленности и строительства Республики Казахстан
Дата публикации
30 июня 2026