Cержанттар, қатардағы жауынгерлер құрамымен және азаматтық персоналмен жұмыс бөлімінің сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу

Функционалды міндеттер

Кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілікті талдау және жоспарлау. Кадрлық құрамды қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кадрларды мониторингтеуді жүргізу және кадрлық іс жүргізу.

Мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметке өту және шығарылу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік аттестаттау, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін санау, қызметін бағалау және кадрлық мәселелер бойынша басқа да комиссиялар қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру. Кадрлардың кәсіптік дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес қайта даярлау, біліктілікті арттыру арқылы ұйымдастыру. Еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметке өту және шығарылу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және бос әскери лауазымдарды уақытша атқаратын қызметшілердің статистикалық және дербес есебін жүргізу. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртіпті және әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау және нығайту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде  басқа да міндеттерді орындау. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2022 – 17.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, ул. Достык, дом 14,

Анықтама алу үшін байланыс

72-13-96