ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бас сарапшы (қосымша білім)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Философия
  • Филология

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Білім беру процесінің нәтижелерін талдау және жоғары оқу орындары әскери кафедраларындағы оқу процесін бақылау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, білім беру сапасын бағалау, үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелеріне талдау жүргізу бойынша деректерді уақтылы жинақтау және есепке алу, оқу процесін жетілдіру, білім беру сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау, білім беру сапасын бағалау әдістері мен тәсілдерін әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.09.2020 – 16.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Достык көшесі 14

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7172) 72-13-96