ҚР ҚМ Кадрлар департаменті сержанттар, қатардағы жауынгерлер құрамымен және азаматтық персоналмен жұмыс бөлімінің сарапшы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілікті талдау және жоспарлау. Кадрлық құрамды қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кадрларды мониторингтеуді жүргізу және кадрлық іс жүргізу.Мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметке өту және шығарылу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік аттестаттау, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін санау, қызметін бағалау және кадрлық мәселелер бойынша басқа да комиссиялар қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.Бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру. Кадрлардың кәсіптік дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес қайта даярлау, біліктілікті арттыру арқылы ұйымдастыру. Еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.Мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметке өту және шығарылу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және бос әскери лауазымдарды уақытша атқаратын қызметшілердің статистикалық және дербес есебін жүргізу. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртіпті және әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз ету.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау және нығайту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да міндеттерді орындау. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г. Астана ул. Достык 14
-
8717272-13-96