Келісімшарт бойынша қызмет
Келісімшарт бойынша қызмет
Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу перспективасын беретін, әскери қызметшінің өзінің, оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз Қарулы Күштердің қатарына түсуге ниет білдірген азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар деген мәселе толғандыратындар үшін де пайдалы болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті негізге негізделеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген адамдар міндетті түрде ҚР азаматы болуға және мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
Келісімшарт қызметіне қалай қабылданады?
Келісімшарт қызметіне қабылдау үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті әскери басқару органдарына (әскери комиссариаттарға) өтініш білдіру қажет.
Әскери қызметте тұрмайтын және ҚР ҚК-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің командиріне бекітілген нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
- келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;
- медициналық куәландырудан өту;
- дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау;
- кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау;
- психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.
1. өтініште:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жері;
- азамат келісімшарт жасауға ниет білдірген уәкілетті органның, әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) атауы;
- келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі;
2. сауалнама деректері;
3. өз қолымен жазылған өмірбаян;
4. жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
5. білімі туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер);
6. бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесі;
7. сотталмағандығы туралы анықтама;
8. кірістері туралы декларацияны салық органының қабылдағаны туралы анықтама;
9. соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.
Кандидатты медициналық куәландырудан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы өткізеді.
Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына және оның дене шынықтыру дайындығының сәйкес келуін тексереді.
Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың зияткерлік даму деңгейі, әскери қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, әскери қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке басының қасиеттері бағаланады.
Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:
- «ұсынылады»;
- «ұсынылмайды».
Егер сіз қазіргі кезде әскерге шақыру бойынша қызмет өткеріп жүрсеңіз және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді қаласаңыз әскери бөлімнің командиріне баянат беруіңіз қажет.
Әскери бөлімнің командирі баянатты қарайды және 10 жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.
-кандидатты медициналық куәландырудан өткізу туралы;
-кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы;
-арнайы тексеруді жүргізу туралы; психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу туралы;
-кандидаттың білім, кәсіби және дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін тексеру туралы;
-әскери бөлім әскери қызметшінің кандидатурасын іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.
Талаптарға сәйкес келуі туралы шешімді әскери бөлімнің командирі қабылдайды және оның тікелей бастығы бекітеді.
Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде əкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік жаза қолданылған;
7) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
8) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
9) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы.
Адамдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына әскери қызметке "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;
10) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
11) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған адам қабылданбайды.
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Денсаулық жағдайына байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
4. Сондай-ақ мыналар:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.
5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Сізді келісімшарт қызметіне қабылдады ма – келісімшарт жасаңыз!
Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт.
Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:
1) мерзiмнің өтуi бойынша;
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.
1) үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін – əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.