Әскерде ісіне адал офицер неғұрлым көп болса, олардың мәртебесі жоғары болмақ

Әскерде ісіне адал офицер неғұрлым көп болса, олардың мәртебесі жоғары болмақ

Мұндай қорытынды пікірді әлеуметтік желіге Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөліміне барғаннан кейін Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина қалдырды.

Қоғамдық ұйымның өкілі медициналық бөлімде болды. Мұнда ол бөлімшенің салалық ахуалына сәйкес келетін тазалықты, жайлылықты және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті материалдар мен дәрі-дәрмектердің базалық жиынтығының бар екенін атап өтті. Әскери тәртібі шатырлы қалашықта да, әскерге шақырылғандарға арналған казармада да бірден байқалды. Жөндеу жұмыстарына байланысты мұнда қазіргі уақытта алты ай қызмет еткен сарбаздар орналастырылған екен.

Қоғамдық инспектор әскери қызметшілердің денсаулығы жақсы, әскердегі қызмет ұнайтынын және олардың арасында келісімшарт бойынша қызмет етуді қалайтындар да бар екенін атап өтті. Қазіргі әскерге келгендер негізінен Шымкенттен шақырылған жастар. Жігіттер қазірдің өзінде әскери өмірге үйреніп, осы бөлімге келгеніне дән риза. Демалыс күні оларды басшылық музейге апарды.

Командирлердің сарбаздарға деген қарым-қатынасын асханадағы мәзір мен тағам сапасынан-ақ білуге болады. Мұнда оны Bouk ABL серіктестігі ұйымдастырады. Рейдтің бастамашысы сарбаздар асханасына барып, түскі асқа дайындалған тағамдардың дәмін татып көрді. Бірінші асқа – қаймақ қосылған борщ, екіншіге – ет тұздығы қосылған пюре, тәтті шай, шие шырыны, алма және нан. Татьяна Тропина атап өткендей, түскі ас дәмді, толтыра салынған тамақтар мен оның калория мөлшері жауынгерлердің дене дайындық белсенділігіне сәйкес келеді.

– Жалпы осы әскери бөлімге барғаныма қуаныштымын. Офицерлерге, сержанттар құрамына және сарбаздарды тамақтандыруды ұйымдастырушыларға шағым жоқ. Бұл бөлім командирі майор Ернат Төлеуғұлов пен оның орынбасары подполковник Нұрлан Дүйсебаевтың іске жауапкершілікпен қарауының нәтижесі деп санаймын, – деді ол.

Сарбаз аналары комитетінің өкілі демалыс күні өз бастамасымен, алдын ала келісімсіз әскери бөлімге барғанын айта кеткен жөн. Сондықтан медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық жағдайлар, бос уақытты ұйымдастыру және әскери бөлімдегі тамақтану сапасы туралы тұжырымдар мерзімді қызмет сарбаздарының демалыс күнінің нақты көрінісіне негізделген.